20 Шілде, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
20 шілдеде Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Жібек жолы ауылында кісі қолынан өлген бес жасар сәбидің жетісіне жиналған жұрт наразылыққа шығып, тергеуді әділ өткізуді талап еткен, деп хабарлайды Азаттық.
Бір топ әйел "Педофилдерге өлім!", "Әділ сот болсын!" деген жазуы бар плакат ұстап, Жібек жолы ауылының ішімен өтіп, қазақ-өзбек шекара бекетіне апаратын күре жолды жапқан. Оқиға орнына полиция мен арнайы жасақ келген.
Жиналғандардың айтуынша, қыздың өліміне байланысты тергеуге тағы бір күдікті шақырылған, кейін оны босатқан. Тұрғындар "сот-медициналық сараптама қорытындысы шықпай, күдіктіні шығаруға болмайды" деп талап қойған.
Жолды жапқан наразы жұртты арнайы жасақ әкімдік ғимаратына күшпен кіргізген. Әкімдік өкілдері мен полиция әйелдердің шағымын тыңдап, сұрақтарына жауап береміз деген. Кісі қолынан қаза болған бала туысының сөзінше, қазір әкімдік ғимаратын арнайы жасақ қоршап тұр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір