20 Шілде, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Швеция полициясы Стокгольмде Құран мен Ирак туын өртеуге рұқсат берді. Бұл туралы TV 4 арнасы хабарлады.
Наразылық акциясы 20 шілдеге жоспарланған. Ол Ирак елшілігінің жанында өтеді.
Еске сала кетейік, 28 маусымда Швеция полициясы мұсылмандардың Құрбан айт мерекесінде Стокгольмдегі бас мешітте Құран өртеп наразылық акциясын өткізуге рұқсат берді. Ғимараттың жанында Құран жыртылып, Ирактан келген босқын наразылық ретінде кітаптың парақтарын жұлып алып, аяқ киімін сүртіп, сосын ішіне бекон салып, өртеп жіберген. ЕуроОдақ оқиғаны айыптап, сөз бостандығын қорғайтындарын атап өтті.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір