• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 08:28:44
Алматы
+12°

ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы, сондай-ақ Шымкент қаласы мен Жетісу облысы бойынша ТЖД басшылары жемқорлықпен ұсталды, деп хабарлады Антикор.

Олар өрттен қауіпсіздік саласындағы қамқорлығы үшін кәсіпкерлерден жүйелі негізде пара алып, тексерілетін ұйымдарды олардың қызметтерін сатып алуға және уақтылы ақы төлеуге мәжбүрлеген деген күдікке ілінген.

Пара сомасы 100 мыңнан 4 млн теңгеге дейінгі аралықты құрайды.

Сонымен қатар, ТЖМ Өртке қарсы қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов заңсыз ақшалай сыйақы үшін Ұлытау облысы бойынша ТЖД басшыларының біріне қамқоршылық жасаған.

"Күдіктілер ұсталып, УҰИ-на қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Аталған лауазымды адамдардың басқа да жемқорлық құқық бұзушылықтарға қатыстығы тексерілуде" – делінген хабарламада.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: тжм жемқорлық тжд

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір