19 Шілде, 2023 NEWS
Коллаж: Сыр бойы газеті
Ақтөбеден қазақ сұлтандарының қорымы табылды. Бұл аумақта ортағасырлық қала болғаны да анықталып отыр. Бұл туралы Qazaqstan.tv арнасы хабарлады.
"Бұл белгі 1861 жылы қазақтың белгілі сұлтандарының біріне қойылған. Бұл аумақта осындай төрт құлпытас бар. Зерттеушілердің айтуынша, жақын жерде шағын қалашық та болған. Ақтөбе қаласының тарихы 1869 жылдан басталмайды, кемінде одан бір ғасырға әріге кетеді. Бұл тарихи жаңалықты Талғат Жұмағамбетов бастаған тарихшылар ашты", – делінген ақпаратта.
Қала шетіндегі ескі қорымды зерттеу барысында бұл жерге қазақтың әйгілі сұлтандары жерленгені анықталған. Мұнда Кіші жүздің соңғы ханы Арынғазының ұрпақтары жатыр.
Қазіргі уақытта төрт құлпытас оқылды. Олардың бірі 1848 жылы қойылған.
Ғалымдардың айтуынша, осы маңда ортағасырлық үш елдімекен болған. Мына қорымға сұлтандарға дейін сонда өмір сүрген адамдар жерленген. Өкініштісі, қорғандардың қирандылары осыдан 50-60 жыл бұрын бұзылып кеткен. Ғалымдардың айтуынша, енді Ақтөбе қаласының құрылған уақыты кемінде XVII ғасырдан бастап есептелуге тиіс.
Ғалымдар осы жерден ортағасырлық обаны да анықтады. Бұл тарихи нысандардың кейбірі бұған дейін де белгілі болғанымен, ешкім ден қойып зерттемеген. Сондықтан келесі жылы ауқымды жұмыстар жүргізілуге тиіс. Сұлтандар жатқан жерге тарихи кешен салу жөнінде де ұсыныстар бар.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір