• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 05:59:29
Алматы
+12°
 
 
Түркістан облысында үш көлік соқтығысып, жол апатынан 9 адам қайтыс болды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Қайғылы оқиға 17 шілдеде сағат 09:00 шамасында Шаян ауылы маңында болған.
 
"Облыстық маңызы бар "Екпінді-Созақ" тас жолы бойында "Nissan", "Toyota Camry" және "Volkswagen Grafter" маркалы үш автокөлік соқтығысқан. Көліктер өртенген. Салдарынан 9 адам қайтыс болып, 13 адам ауруханаға жеткізілді. 2 адам медицина көмегінен бас тартты", - дейді ведомство.
 
Алдын ала мәліметтер бойынша "Nissan" автокөлігі қарсы бағытқа шығып кеткен. Оқиға орнына Түркістан облысы полиция департаментінің басшылығының өзі барған.
Қазіргі тада жол-көлік оқиғасы бойынша Бәйдібек аудандық полиция бөлімі тергеу жүргізіп жатыр.
 
"Бұл факт бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 345-бабы "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша тергеу жүріп жатыр", - дейді полиция.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір