13 Шілде, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Біріккен ұлттар ұйымы Құранды әдейі өртегендерді айыптайтын қаулы қабылдады. Ұйым өзгелердің діни сенімін қорлаған адамдарды жауапқа тарту керек екенін хабарлады.
"БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесі Құранды қорлау үшін жасалған қоғамдық әрі қасақана әрекеттерді айыптайды. Мұндай дінге қарсы жауыздық үшін кінәлілерді Халықаралық адам құқықтарынан туындайтын мемлекеттердің міндеттемелеріне сәйкес жауапқа тарту қажет екенін хабарлайды", — делінген қаулыда.
Қаулыны 28 ел өкілі қолдаса, 12 ел қарсы шықты. Ал қалған жеті ел бейтарап қалды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір