• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 02:25:49
Алматы
+12°

Үндістанның солтүстік аймағында болған су тасқынынан 100-ден аса адам қаза тапты. Бұл туралы Үндістандағы жергілікті басылым хабарлады. 

Үндістанның солтүстік-шығысында жауын-шашын 8 шілдеде басталған.  Оған муссондық жаңбыр мен Жерорта теңізі аймағынан ылғалды ауа массаларының ағыны әсер еткен.

"Ең көп зардап шеккен – Гималай тауларының етегінде орналасқан Гимачал-Прадеш штаты. Мұнда лай көшкіні көптеп байқалған, көптеген елдімекен су астында қалды. Солтүстік штаттардың таулы аймақтарында жолдар жабылып, су басу салдарынан көлік қозғалысы тоқтатылды, соның салдарынан 300-ге жуық турист әлі таулы жерлерде бөгеліп тұр. Төтенше жағдай салдарынан штатта барлығы 80-ге жуық адам қаза тапты. Жаңбыр тоқтағанымен, құтқару және қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір