• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 06:23:23
Алматы
+12°

Алматы облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Оқу-ағарту министрлігі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бірлескен сыртқы талдау нәтижелерін қарастырған. 

Талдау аясында қаражатты ұрлау және оларды ұтымсыз пайдалану фактілері анықталды. Соңғы 3 жылда мемлекет білім беру саласын дамытуға 12,1 трлн теңге бөлген.

Мемлекеттік қолдауды арттырудың себептерінің бірі – мұғалімдердің жалақысын көтеруге мүмкіндік берген "Педагог мәртебесі туралы" Заңның қабылдануы болған.  2020 жылдан бастап осы салада 143 адам сотталды. Мемлекетке келтірілген залал шамамен 11 млрд теңгені құраған.

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің өкілдері атап өткендей, талдау аясында өңірде өлген адамдарға ақшалай қаражат есептеудің 13 фактісі және мектеп мұғалімдері мен бухгалтерлеріне жалақыны негізсіз көтерудің 30 фактісі анықталды. Бюджет қаражатын мақсатсыз пайдаланудың жалпы сомасы – шамамен 750 млн теңге.

Мұндай жағдай тиісті ведомстволық бақылаудың болмауына және бухгалтерлік есеп жүйелеріндегі олқылыққа байланысты орын алған. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір