30 Маусым, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Қала әкімі Астана күні – экс президент Назарбаевтың туған күніне сәйкес келетін қала күнінде отшашудың ұйымдастырылмауының себебін түсіндірді. Журналистердің сұрақтарына жауап беру кезінде Жеңіс Қасымбек экс-президенттің атын атамады.
Ол елорда жұртшылығы отшашу сұрамағанын айтты.
"Біз отшашу ұйымдастыруды жоспарлаған жоқпыз. Сондықтан сіз атаған фамилиямен ешқандай байланыс жоқ. Қала жұртшылығы да отшашу сұраған жоқ. Сондықтан ұйымдастырылмайды", – деді Қасымбек.
Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын қала әкімдігі мерекеге орай отшашу болмайтынын мәлімдеген. Биыл Астана күні үшінші жыл қатарынан отшашусыз өтпек.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір