• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 14:07:46
Алматы
+12°

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың келіні Гүлмира Сатыбалдыға сот үкімі шықты. Оған 8 жыл бас бостандығынан айырылды. 

"Гүлмира Сатыбалды бөтеннің сеніп тапсырылған мүлкін ысырап ету немесе жымқыру бойынша кінәлі деп танылсын. Гүлмира Сатыбалды мүлкі тәркіленбей, сегіз жылға бас бостандығынан айырылсын. Қамау түріндегі бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалдырылсын", - деді судья.

Сот сонымен бірге Сатыбалдыны 10 жыл бойы коммерциялық ұйымдарда басшылық қызмет атқару құқығынан айырды.

Еске салсақ, Гүлмира Сатыбалданың ықпалымен «Ария-Жаңа Астана» ЖШС 2018 жылдың күзінде Сырдария өзенінің сол жағалауына жылу желілерін тарту бойынша тендерді жеңіп алған.

Қылмыстық әрекеттерімен Гүлмира Сатыбалды кәсіпорын басшысымен бірлесіп, 441 миллион теңгені жымқырған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір