21 Маусым, 2023 Әлем
Фото: Ашық дереккөз
АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Қытайдағы іс-сапарын аяқтағаннан кейін президент Джо Байден Қытай басшысы Си Цзиньпинді "диктатор" деп айыптады, деп жазады BBC.
Джо Байден АҚШ аумағында Қытай тыңшылық зондының атып түсірілуіне байланысты Қытай басшысы Си Цзиньпиннің реакциясы туралы айтқан. Байденнің айтуынша, Си Цзиньпин осы зондтың айналасындағы жанжалдың өрбігеніне ашуланған.
"Си Цзиньпиннің шпиондық аппаратураның екі вагонымен шарды қағып кеткендегі ашулануына не себеп болды? Өйткені ол бұл шар туралы білмегендіктен болды. Ол не болып жатқанынан хабарсыз болды. Ал бұл диктаторларға ұнамайды", - деді Байден.
Жексенбі және дүйсенбі күндері АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қытайға іссапармен барды. Сапардың мақсаты соңғы айларда айтарлықтай шиеленіскен ҚХР мен АҚШ арасындағы қарым-қатынасты түзеу болды. 19 маусымда Пекинде Блинкен мен Си Цзиньпин келіссөз өткізген.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір