20 Маусым, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Семейде бұған дейін өтпейді деп хабарланған Би-2 рок тобының концерті өтетіні хабарланды. Бұл туралы концерт ұйымдастырушылары әлеуметтік желіде жазды.
"Ресми түрде иә!", деп жазды концерт ұйымдастырушылары. Концерттің өтетінін жергілікті БАҚ пен тұрғындар да растап отыр.
Бұған дейін Семей қаласының әкімдігі Би-2 тобының концерті тоқтатылатынын хабарлағанымен, кейін Instagram парақшаларынан хабарламаны өшіріп тастаған.
Әлеуметтік желі қолданушылары қайырымдылық концертінің өтпейтініне наразылық білдіріп, Би-2 тобының Ресей агрессиясына қарсы екенін де тілге тиек етті.
Еске сала кетейік, бұған дейін топ мүшелері Семейдегі концерттен түскен қаражатты Абай облысындағы орман өртінен зардап шеккендерге көмектесуге аударатынын мәлімдеген болатын.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір