• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 18:13:31
Алматы
+12°

Тоқаевтың уәдесіне қарамастан АЭС мәселесі референдумға шығарылмайтын болды. Бұл жөнінде энергетика вице–министрі Жандос Нұрмағанбетов мәлімдеді. 

"Бұл мәселе референдумға шығарылмайды. Негізгі мәселе АЭС–тің қайда орналастына болып отыр. Екінші мәселе, технология мен қаржылық-экономикалық модель", – деді Энергетика вице–министрі Жандос Нұрмағанбетов бейсенбі күні Сенат отырысында.

КазТаг ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, журналистер атом станцисының қайда орныласаты 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында шешілуі тиіс екеніне назар аударған.

"Өкінішке орай, бұл жағын әлі шешкен жоқпыз. Заңнамаға сәйкес мәселе Алматы облысының мәслихаты мен қоғамдық тыңдауда тұр. Қазір бізге жаңа министр келгендіктен, бұл мәселені әлі де талқылап жатырмыз",–деді Нұрмағанбетов.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан президенті Қасым–Жомарт Тоқаев АЭС салынатын болса, міндетті түрде, халықпен санасатынын айтқан еді. 

"Тіпті, қажет болса бұл мәселе бойынша референдум өткіземіз. Себебі бұл өте жауапты, өзекті мәселе. Сондықтан мен уәдемді орындаймын", - деген болатын ел президенті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір