• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Қыркүйек, 06:33:10
Алматы
+35°

Бүгін Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, олимпиада жүлдегері  Денис Теннің туған күні. 25 жасында өмірден өткен спортшы 1993  жылдың 13 маусымында Алматыда дүниеге келген. Ол тірі болғанда бүгін 30 жасқа толар еді. 

Денис Тен – мәнерлеп сырғанаудан 2014 жылғы Сочи олимпиадасының қола, 2013 жылғы әлем чемпионатының күміс медаль жүлдегері, VІІ қысқы Азия ойындарының чемпионы. Сонымен қатар, спортшы Қазақстанның үш дүркін чемпионы, Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанған.

Денис Тен мәнерлеп сырғанаудан олимпиадада және әлем чемпионатында медаль алған алғашқы қазақстандық спортшы болған. Ол теннис, акробатика, таеквондо, каратэ, жүзумен айналысып, би және сурет салу мектебіне де барған. Кейіннен мәнерлеп сырғанауға ден қойған. 

Спортшы 2018 жылдың 19 шілдесінде Алматы қаласында қаза тапты. Денис Тенді белгісіз екі адам пышақтап кеткен. Ауыр жарақат алып, 3 литр қан жоғалтқан 25 жастағы мәнерлеп сырғанаушы Алматыдағы №12 қалалық клиникалық ауруханада көз жұмды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ДЕНИС ТЕН

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір