• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 16:44:30
Алматы
+35°

Қырғызстанның экс–президенті Құрманбек Бакиев Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің "Сыбайлас жемқорлық" бабы бойынша айыпталып, 30 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ал бұрынғы президенттің кіші ұлы Максим Бакиевтің мүлкі тәркіленіп, ерекше режимдегі колонияда өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады 24.kg ақпараттық агенттігі.

Даму, инвестициялар және инновациялар жөніндегі орталық агенттік басшысының бұрынғы орынбасары Алексей Елисеевке 15 мың сом айыппұл салынып, мүлкі тәркіленіп, 30 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Дүниежүзілік банк атқарушы директорының бұрынғы кеңесшісі Садриддин Джиенбековтің мүлкі тәркіленіп, 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қаржы министрінің бұрынғы бірінші орынбасары Эмирлан Торомырзаев 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімімен ол жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеуі тиіс. Оның мүлкі тәркіленді, сонымен қатар ол үш жыл мерзімге мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырылды.

Мемлекеттік аппараттың заң бөлімінің бұрынғы басшысы Елена Белковская мүлкі тәркіленіп, тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды.

Бұрынғы табиғи ресурстар министрі Қапар Құрманалиев мүлкі тәркіленіп, 13 жылға бас бостандығынан айырылды.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір