Фото: Ашық дереккөз
"Әділдік жолы" қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Дидар Смағұлов Абай ауданындағы өрттен болған адам шығынын сыбайлас жемқорлықпен тікелей байланыстырып, бұған ШҚО әкімінің міндетін атқарушы Даниал Ахметовтың кінәлі екенін мәлімдеді.
"Шығыс Қазақстан облысының орман шаруашылығындағы жемқорлыққа кім кінәлі? Президент Төтенше жағдайлар министрін қызметінен босатып, Абай ауданының әкіміне сөгіс жариялады. Иә, Ұранхаевтың облысты басқарып келе жатқанына бір жыл болды. Ол мұндай маңызды саланы ретке келтіру керек еді. Бірақ біз Шығыс Қазақстан облысы бөлінгенге дейін бұл аймақты тоғыз жыл бұрын өкілеттігі ресми түрде аяқталған зейнеткер Ахметов басқарғанын (аймақты осындай жағдайға жеткізгенін) естен шығармаумыз керек" – деді Смағұлов әлеуметтік желідегі парақшасында.
Сонымен қатар, ол қайтыс болғандардың ешқандай қорғаныс құралдары болмағанын мәлімдеді. Мерт болғандар қорғаныс костюмдері мен оттегі маскаларынсыз, біреуі жәй аяқ киім киіп шыққанын да айтты.
"Тіпті, рациялардың батареялары болмаған. Оларды өлімге өз аяғымен жібердік. 2016 жылдан бастап "Семей Орманы" резерватына 5,3 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Биыл Орман өртімен күресу жөніндегі ақпараттық жүйенің үздіксіз және тәулік бойы жұмыс істеуіне 12 млн теңге қарастырылған. Флэш-дискілер, кілттер мен телефон ұстағыштарына 7,5 млн бөлінген. 22 мамырда 484 мыңға 55 радиоқабылдағыш батарея сатып алынған. Егер рациялар жұмыс істесе, қаза тапқандарға біреу желге қарай бет алғандарын ескертіп үлгерер еді. Алайда жемқорлық бізді өлтіріп жатыр, біз осыған үнсіз қарап отырмыз. Мен басшылар халықтан кешірім сұрайды (қазіргі ел басшысы халықтан кешірім сұраған кезі болып па еді) және президент "барлық кінәлілер әділ жазаланады" деген уәдесінде тұрады деп сенем. Олар Ахметовті де ұмытпайды деп үміттенем" – деп жазды Дидар Смағұлов.
Еске сала кетейік, Абай облысында болған орман өртінен 14 адам қаза тауып, елімізде жалпыұлттық аза тұту күні жарияланған еді. Бүгін тағы бір орманшының жоғалып кеткені белгілі болып, іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір