• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

01 Қараша, 10:40:59
Алматы
+12°

Қасым–Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2019 жылдың 20 наурызында Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды. Тоқаев ел президенті ретінде соңғы бес жылда Қазақстанда төрт рет аза тұту күнін жариялаған. 

• Олардың алғашқысы – 2020 жылдың 13 шілдесіндегі коронавирус пандемиясына байланысты аза тұту күні. Ресми статистикаға сүйенсек, коронавирустан Қазақстанда 13 848 адам қаза тапқан. 

• 2021 жылдың 26 тамызында Жамбыл облысының Байзақ ауданында оқ–дәрілер қоймасындағы өрт пен жарылыс орын алып, Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту жарияланды. Жарылыс кесірінен 17 адам қаза тауып, 98 адам жараланған. Осы оқиғадан кейін Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев өз еркімен отставкаға кеткен болатын.

• 2022 жылдың 10 қаңтарында елімізде "қаңтар оқиғасына" байланысты жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды. Ресми статистикаға сүйенсек, қаңтардағы жаппай тәртіпсіздік кезінде 238 адам көз жұмған. Олардың арасында 4 жасар Айкөркем Мелдехан да бар. Қаңтар оқиғасына байланысты сот процесстері әлі күнге дейін жалғасып келеді. 

• 2023 жылдың 12 маусымында елде тағы да жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды. Абай облысында болған өрттен 14 адам қаза тауып, бір орманшы іздестіріліп жатыр. Ел президенті қаза тапқандары "Құрмет" орденімен марапаттады. Қазір өрт сөндіру жұмыстарына 1500 ге жуық адам жұмылдырылған.  

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір