• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 10:02:13
Алматы
+12°

Оралда "сепаратизм" және "алауыздық қоздыру" баптары бойынша айыпталған екі адамға үкім оқылды. Олар Chatroulette видеочатында Қазақстанға қарсы "арнайы операция" басталса, Ресейді қолдайтынын мәлімдеген.

6 маусымда судья Варвара Дмитриенко Денис Рудных пен Кристина Кольченконы кінәлі деп таныды. "Сепаратизм" және "алауыздық қоздыру" баптары бойынша айыпталған Рудных бес жыл екі айға, "сепаратистік әрекет" бойынша айыпталған Кольченко бес жылға бас бостандығынан айырылды.

Екі сотталушы да 25 сәуірден бастап қамауда отырған. Сот үкіміне сәйкес, олардың изоляторға отырған уақыты жаза мерзім ретінде есептеледі.

Сот үкімі күшіне енген жоқ. Айыпталушы тараптар сот шешіміне шағым түсіре алады. Рудных пен Кольченконың адвокаты Сергей Сальников сотталушылар үкімге келіспейтінін айтты, деп хабарлады Азаттық радиосы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір