07 Маусым, 2023 Барлық аймақтар
Фото: Ашық дереккөз
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар «Онлайн платформалар және онлайн-жарнама туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Жиында Мәжіліс депутаты Ринат Заитов осы заң жобасының маңыздылығы мен тиімділігі жайында сөз сөйледі.
«Негізі бізде халыққа зиян заң шықпайды. Бірақ орындалуына байланысты Ішкі істер министрлігіне өтінішім бар. Осы заң шыққан кейін «әу» деп аузын ашқан қазақтың ауылымда жағдайым жоқ деп айтқандарға қарсы қолданылып кетпесе екен деймін,» – деді депутат.
Ринат Заитовтың айтуынша, жалпы қазіргі таңда онлайн-платформаларда бірнеше жалған ақпарат беруден бөлек, жалған жарнама тарату, жалған дәрістеу курстарын ашып халықты тікелей заң бұзушылыққа тәрбиелеу (азаматтардың үйлерінен шықпай тендерлерден пайда табуы сияқты), көптеген танымал адамдардың аттарынан акаунт ашып, онлайн лотереялар өткізу және солардың атынан жалған ақпарат тарату сияқты заңсыз іс-әрекеттер кеңінен белең алып барады.
«Ол аз десеңіздер елімізде теріс діни ағымға кірудің барлығы осы онлайн платформалар арқылы жүреді. Біздің ешқандай мемлекеттік арнамыз теріс діни ағымға тәрбиелемейді», – деді.
Депутат атап өткендей, аталмыш заң жобалары осындайлардың бәрін ауыздықтап, жүгендеудің бірден-бір жолы. Сондықтан, бұл заң жобаларын қазіргі уақыт талабына сай деп танып, бірінші оқылымда қолдауға шақырды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір