• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Желтоқсан, 22:17:07
Алматы
+7°

Алматы облысында "Алтын Орда" базарының басшыларының бірі ұсталды. Қазір қылмыстық кодекстің 287 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Қарасай аудандық полиция басқармасына BMW маркалы көлікпен қарулы топтың жүргені жайлы ақпарат түсті. Ұсталғандар арасында "Алтын орда" әмбебап базары директорының орынбасары да бар" – деді полицияның баспасөз қызметі.

Ұсталғандарға ҚР Қылмыстық кодексінің 287 бабы "Қаруды, оқ–дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Еске сала кетейік, бұған дейін "Алтын Орда" базарында 300–ден астам заңбұзушылық анықталған еді. Премьер–министр Әлихан Смайылов базар қызметін қатаң бақылау керегін де айтқан. Ал 2023 жылдың қаңтарында базардың бұрынғы басшыларына алаяқтық бойынша халықаралық іздеу жарияланған болатын.

 

Дереккөз: Бесінші аймақ

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: алтын орда базары

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір