• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 05:06:52
Алматы
+12°

Абай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Семей орманы"  табиғи резерватының басшылығына қатысты үкімін жариялады.

"Мемлекеттік мекеменің үш басшысы ұйымдасқан қылмыстық топ құрып,  кәсіпкерлерден жүйелі түрде 700 мыңнан 13 миллион теңгеге дейінгі сомада пара алған. Олар резерват аумағында санитарлық тазалау мен ағаш кесуге рұқсат бергені, мемлекеттік сатып алу жөніндегі шарттарға кедергісіз қол қойғаны үшін пара алған" – делінген хабарламада.  

Резерваттың үш басшысы да он жылға сотталды. Ал пара беруші бес адам кінәлі деп танылып, бір жарым жылдан үш жарым жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Барлық сотталған адамдар мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін – өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір