• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 06:04:34
Алматы
+12°

Түркиядағы президент сайлауының екінші кезеңінде Режеп Тайып Ердоған жеңіске жетті. Бұл туралы Түркия Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Ахмет Йенер хабарлады.

"Түркиядағы, шетелдік өкілдіктер мен шекара бекеттеріндегі сайлау учаскелерін қосқанда жалпы саны 99,43 пайыз бюллетень саналды. Режеп Ердоған –52,14 пайыз, Кемаль Кылычдароглу – 47,86 пайыз дауыс жинады. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Режеп Тайып Ердоған – Түркияның жаңа президенті болып таңдалды", - деді Йенер баспасөз маслихатында.

Anadolu агенттігінің мәліметінше, президент сайлауының екінші кезеңінде Режеп Ердоған - 52,17 пайыз; Кемал Кылычдароглу– 47,85 пайыз дауыс жинаған.

Ердоғанға 27,6 миллион адам, Кылычдароглуға 25,4 миллион адам дауыс берген. Сайлаудың екінші кезеңіне сайлаушылардың 85,63 пайызы қатысқан.

Алайда Кемал Кылычдароглу Анкарада сөйлеген сөзінде "бұл сайлау Түркия тарихындағы ең әділетсіз сайлау болды" деп мәлімдеп, демократия үшін күресе беретінін айтты.

Еске сала кетейік, Түркияда президент сайлауының бірінші кезеңі 14 мамырда өткен болатын. Президент сайлауына Ердоған мен Кылычдароглумен қатар "Ататүрікшілер альянсынан" Синан Оган да қатысты.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: түркия ердоған

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір