24 Мамыр, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Қазақстанда ипотекалық несие алушылардың саны 500 мың адамнан асты. Бірінші кредиттік бюро мәліметінше, несие алушылардың орташа қарызы 10,2 млн теңгені құрайды.
"Бүгінгі таңда ипотекалық несиенің жалпы көлемі – 5,9 трлн теңге. 290 000 несие алушы қарызды ең кемі 10 жылда төлейміз деп алған" – делінген хабарламада.
Берілген несиелер саны бойынша Астана мен Алматы қалалары көш бастап тұр.
"Ипотекалық несие алушылардың 36 пайызын екі қаланың тұрғындары құрайды. Астанада – 98,1 мың, Алматыда – 83,5 мың несие алушы тіркелген"– деп мәлімдеді кредиттік бюро.
Дереккөз: krisha.kz
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір