• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 08:48:22
Алматы
+12°

Ашық НҚА порталында жарияланған "Балаларды қорғау" кешенді жоспарында елдегі балалар суициді артқан өңірлер аталды. 

"Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы аутоагрессивті мінез–құлық пен суицид. 2020 жылы – 144, 2021 жылы – 175, ал 2022 жылы 155 балалар суициді тіркелген", - делінген хабарламада.

Балалар суициді жиілеген өңірлерге Жамбыл (3-тен 13-ке дейін),Солтүстік Қазақстан (2-ден 5-ке дейін), Қостанай (6-дан 8-ге дейін),Түркістан (30-дан 46-ға дейін), Ақтөбе (16-дан 21-ге дейін), Атырау (8-ден 14-ке дейін) облыстары мен Алматы қаласы (12-ден 16-ға дейін) жатады.

Құжатта өз–өзіне қол салуға тырысатын балалардың психоэмоционалды жағдайын анықтау мен осы бағытта жұмыс істейтін мамандардың біліктілігін арттырудың өзекті екені де жазылған.

"Wisevoter есебінің деректеріне сәйкес, 2023 жылы Қазақстан суицид статистикасы бойынша 178 елдің ішінде 19 орында тұр. Халықаралық зерттеулерге сәйкес, жасөспірімдер ата–аналар мен тәрбиешілердің оларға немқұрайлы қарағаны үшін өз–өзіне қол салады. Осылайша ересектердің немқұрайлылығы мен қатыгездігіне наразылық білдіреді", – делінген құжатта.

 

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір