• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 00:20:26
Алматы
+35°

Оппозициялық саясаткер Жасарал Қуанышәлин қайтыс болды. Кеше оның науқастанып, жансақтау бөліміне түскені хабарланған еді. 

Оның қайтыс болғанын белсенді Ниязбек Юсупов растады. Қаралы хабарды Юсуповке дәрігерлер айтқан.

Белсендінің айтуынша, 18 мамырда түстен кейін Жасарал Қуанышәлинді дәрігерлер жасанды тыныс аппаратына жалғаған, алайда жүрегі шыдамаған.

Жасарал Қуанышәлин 1994-95 жылдары Қазақстан Жоғарғы кеңесінің депутаты болған. Кейін оппозицияға өтіп, түрлі ұйымның қатарында билік саясатын ашық сынап келді. Кейінгі жылдары партия құруға талпынғанымен, оларды әділет министрлігі әртүрлі уәжбен тіркемеген. Президент сайлауына түсуге ниет те білдіргенімен, кандидат ретінде тіркеле алмаған.

 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Жасарал Қуанышәлин

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір