• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 02:12:52
Алматы
+12°

«Тарих ғылымы және тарихи тұлғалар: жаһандану тенденциялары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференция пленарлық мәжілістен кейін үш секцияда өз жұмысын жалғастырды:1 секция «Отандық тарих ғылымының даму тенденциясы» модератор: Бегалиева А.К. 2 секция « Тарихи тұлғалардың жаhандану контексіндегі рөлі », 3-секция  « Тарих және гуманитарлық ғылымдар сабақтастығы жаhандану талаптары аясында» модератор:Сандықбаева Ө.Д. Конференцияның мақсаты -  әлемнің тұрақты даму тұжырымдамасы аясындағы отандық тарих ғылымының орнын анықтау (толығырақ: https://www.kaznu.kz сайтынан білесіздер).

Конференцияға Қырғызстан, Өзбекстан,Ресей, Монғолия ғалымдары мен баспагерлер, Алматы, Қарағанды,Астана,Шымкент т.б. университеттерінің профессор оқытушы құрамы, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғалымдары қатысты.

Конференцияда сөз сөйлеген баяндамашылар тарих ғылымының өзекті мәселелерін, тарихи тұлғалардың орны туралы ойларын ортаға салды.

И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университеті «Арабаевтану» орталығының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Ж.Р. Байдилдеев «Қырғыз-қазақ интеллигенцияларының байланыстары», М.Ұлықбек атындағы ұлттық университеті «Дүние жүзі тарихы» кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының докторы Хайназаров Б.Б. «   Өзбекстандағы Ш.Уалихановтың ғылыми мұрасының тарихи мұрадағы орны», осы  университеттің тарих ғылымының докторы   Дүние жүзі тарихы кафедрасының меңгерушісі тарих ғылымдарының докторы, профессор    Д.Ж. Ураков «Тарихи білімді дамытудағы әл-Фарабидің ғылыми еңбектерінің рөлі» атты баяндамаларын оқыды.

Қазақ ұлттық қыздар педаггикалық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Ф.М. Шамшиденова Қазақстан тарихнамасындағы «жаңа бағыттың» ұстанымдары туралы баяндады. «Жаңа бағыттағы» еңбектер ХХ ғ. 60-80 жж. бпсталып, қазіргі кезге дейін жалғасып жатқанын сипаттады. Жинақталған еңбектерді жазуда, тарихи журналдардағы пікірталастарда тарихшылардың «жаңа бағытқа» деген көзқарастарының маңызды екенін, қазіргі кезде ғылымның қоғам өміріндегі ролінің өзгеруімен жаңа тұрғыдан қарау басталып, жеке адамның тұтас әлеуметтік қатынас жүйесіндегі көлемді түрде көрсетуге мүмкіндік бар,  бұл тарихи персоналистиканы терең қарастыруға ынталандыратынын атап өтті..

Тұран университетінің профессоры, экономика ғылымдарының кандидаты Б. Болсанбек «Тарихымызда «оффлайн» жүзеге асқан «Жеті ата зердесін» «онлайн» жүзеге асыру мүмкіндігі» атты баяндамасының жаңалығы жігіттің үш жұрты «өз жұрты, нағашы жұрты, жиен жұрт» болатынын дәлелдеді. Қайын жұрт әйелі жағы болғандықтан, ол жігіттің жұртына жатпайды деп түйіндеді.

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті Дүние жүзі тарихы және халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушысы И.Д. Хлебников «Тарих ғылымындағы әлеуметтік мәдени қауымдастық ұғымы: концептуалды аспект» атты баяндамасында деидеологизацияланудың ғылымға әсерін сипаттады.

Конференцияға қатысқан жас ғалымдардың ішінде Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің педагогика ғылымдарының магистрі Едгина Г.Т. «Жаһандану контексінде тарихи тұлғалардың ролі» атты баяндамасында мерзімді баспасөз деректері негізінде Н.Ә. Назарбаевтың тұлға, көшбасшы ретіндегі даму эволюциясына талдау жасады. Конференция онлайн және оффлайн платформасында өтті.

Бегалиева А.К.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық

университеті, жоғары оқу орнына

дейінгі факультетінің аға оқытушысы

Наралиева Р.Т. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің аға оқытушысы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір