• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 10:53:19
Алматы
+12°

Жеңіс күні қарсаңында соғыс ардагерлеріне 4,6 млрд теңге сомасына біржолғы материалдық көмек көрсетіледі, деп мәлімдеді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. 

Жеңіс күні қарсаңында жергілікті атқарушы органдар 4,6 млрд теңге сомасында біржолғы көмек көрсетуді көздеп отыр. Материалдық көмектің ең төменгі мөлшері – 1,5 млн теңге, ал Ақтөбе және Павлодар облыстарында 2 млн теңге. 

Елімізде Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан 222 ардагер, 60 106 – соғыс мүгедегі және жеңіске үлес қосқан өзге де азаматтар тұрады. Олардың ішінде: қоршаудағы Ленинград тұрғындары – 78 адам; кәмелетке толмаған кезде концлагерьде болған – 175 адам; қайтыс болған соғыс мүгедегінің жұбайлары – 2 413 адам; соғыста қаза тапқан жауынгерлердің жесірлері – 4 адам; тыл еңбеккерлері – 57 436 адамды құрайды. 

2023 жылғы 1 мамырдағы статистика бойынша зейнетақыны ескере отырып, ай сайын берілетін әлеуметтік төлемдердің орташа жиынтық мөлшері 150–230 мыңның арасында болмақ. 

Бұдан бөлек ардагерлерге тұрғын үйді жөндеу, отынмен қамтамасыз ету , қоғамдық көлікте жол жүру жеңілдіктері, дәрі– дәрмекпен қамтамасыз ету, тіс протездеу, азық– түлікпен қамтамасыз ету сынды қосымша көмек түрлері де қарастырылған. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір