03 Мамыр, 2023 NEWS
Фото: Алматы қаласы әкімдігі
Алматыда тегін секциялар мен үйірмелерге құжат өткізудің бірінші кезеңі аяқталды. Бұл туралы әлеуметтік желіде "QaztiQet" ЖШС DamuBala жүйесін әзірлеушілер жазды.
"15 000 ваучерге үміткер Алматыда кезекке тұрды. Бүгін, 3 мамыр күні, сағат 18:46-да Алматыда кезекке тұрудың бірінші кезеңі аяқталды. Оператордың келісімі бойынша тегін секциялар мен үйірмелерге тіркеудің жоспарланған лимиті 15 мың орынға дейін көбейді", - деп жазды әзірлеушілер.
Енді қаланың әр ауданындағы ваучерге қажеттілікті бағалағаннан кейін кезекке тұру қайта ашылады.
Екінші кезеңнің басталу уақыты туралы әзірлеушілер қосымша осы аптада хабарлайды!
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір