• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қыркүйек, 01:30:30
Алматы
+35°

Фото: Ассасблеяның баспасөз қызметі

19-сәуірде Алматы қаласының ҚХА Аналар кеңесі Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Аяла» әлеуметтік қызмет орталығы КММ-не барды. Республикалық «Қайырымдылық керуені» акциясы аясында қасиетті Рамазан айында Алматы қаласы ҚХА Аналар кеңесінің төрағасы, орталықтың бақылау кеңесінің мүшесі М.В. Исраилованың басшылығымен «Аяла» орталығында игі іс-шара өтті.

Алматы қаласы «Қазақстан дүнген қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Аналар кеңесінің қолдауымен, төрайымы Римма Масырова «Аяла» орталығының бүлдіршіндеріне үлкен теледидар сыйға тартты.

Алматы қаласы ҚХА Аналар кеңесі «Аяла» орталығының балалары үшін тұрақты негізде түрлі қайырымдылық және ойын-сауық шараларын өткізіп тұрады. Мәселен, Халықаралық мүмкіндігі шектеулі жандар күнінде осы орталықтағы 120 бала мейрамханаға шақырылып, оларға мерекелік дастархан жайылып, жарқын концерттік бағдарлама мен анимациялық шоу ұйымдастырылды. Сондай-ақ «Мектепке жол» акциясы аясында «Аяла» орталығының балалары да назардан тыс қалған жоқ. Аналар кеңесі оларға кеңсе құралдары бар мектеп рюкзактарымен қамтамасыз етіп тұрады.

Анықтама үшін: Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Аяла» әлеуметтік қызмет орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі КММ үй және жартылай стационар жағдайында психоневрологиялық аурулары бар, тірек-қозғалыс аппараты бұзылған және психоневрологиялық патологиясы бар 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға және 18 жастан асқан тұлғаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді. Орталық бүгінде 229 мүмкіндігі шектеулі жанға қызмет көрсетеді.  

«Аяла» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының негізгі мақсаты – әрбір қызмет алушының жеке дамуын ескере отырып, үйде және жартылай стационар жағдайында сапалы және тиімді арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету – әлеуметтендіру, үйде бейімделу, оңалту және қоғамға интеграциялау.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір