02 Мамыр, 2023 Әлем
Фото: Ашық дереккөз
Франциядағы демонстранттармен қақтығыста жүзден астам полиция қызметкері жарақат алды, деп хабарлады The Guardian.
Демонстранттардың басты талабы – президент Макронның зейнетақы реформасының күшін жою.
Францияда дәстүрлі бейбіт шерулер үкіметке қарсы жаппай наразылықтарға ұласты. Елдің бірнеше қалаларындағы демонстранттар полициямен қақтығысқа түсіп, полиция көзден жас ағызатын газды қолдануға мәжбүр болды.
Ішкі істер министрі Жеральд Дарманеннің айтуынша, кем дегенде 108 полиция қызметкері жарақат алған. Наразылықтың 291 қатысушысы ұсталды. Дарманен "қара блоктар" деп аталатын солшыл радикалдарды жаппай тәртіпсіздіктер жасады деп айыптады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір