Фото: Ашық дереккөз
Алматы қаласы мәслихатының VIII шақырылымында Аманат партиясының атынан сайланған депутат Анна Башинская Украина президенті Владимир Зеленсийге Қырымның орнына Түркияға шабуыл жасауды ұсынған болатын. Кейін ол парақшасында өз пікірі үшін кешірім сұрады.
Депутат Зеленскийдің аннекциялаған Қырымды Украинаға қайтару жоспары жайлы жазған жазбасының астына "Одан да Түркияға шабуыл жасаңыз, Зеленский мырза! Ол жақ қашанда жылы" – деп пікір қалдырған.
Кейін депутат бұл пікірі үшін әлеуметтік парақшасында кешірім сұрады.
"Мен Украина президентінің мәлімдемесіне ойланбастан пікір жаздым. Түркия туралы бұлай айтқым келген жоқ. Бауырлас түрік халқынан кешірім сұраймын. Бұл жағдайға түсініктеме беруге құқым жоқ еді. Біздің өз еліміз бар, мен депутат ретінде ең алдымен өз елімнің амандығын ойлауым керек" – деп жазды Башинская.
Еске сала кетейік, депутат Анна Башинскаяның құны 6 миллиард теңгеден асатын жүзге жуық мемлекеттік келісімшарты бар.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір