• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қыркүйек, 05:37:37
Алматы
+35°

Кәсіпкер, қоғам белсендісі, қаңтар оқиғасынан кейін кеңінен танылған Дамир Аманжолов редакциямызға сұхбат беріп, саясат, тіл және бизнес туралы пікірлерімен бөлісті.

"Біздің қоғамда қазақша сөйлесең ұлтжанды азамат болып көрінесің. Ал қазақ тілін білмесең, патриот емес секілді қабылдайды. Ұлтжандылық қазақ тілін білумен ғана өлшенбейді. Қазақша білмейтін адамның тілді үйренуге тырысуы да – ұлтжандылық. Қазақстан үшін ештеңе жасамаған жандарды қазақша сөйлегені үшін патриот деп санамаймын", – деді ол.

Сонымен қатар, Дамир Аманжолов қоршаған ортасы орыс тілді болғандықтан, қазақша сөйлеуге қиналатынын да жасырмады. Бизнесмен қазіргі таңда қазақ тілін үйреніп жүр және алдағы форумдарда қазақша сөз сөйлейтін ниеті бар екен де айтты.

Сұхбат барысында қаңтардан кейін өмірі қалай өзгергенін айтып беріп, оппозиция туралы, Болат Әбілов пен Мұхтар Жәкішев, тіпті, ел президенті жайлы пікірімен бөлісті.

Толық нұсқасын "Qamshyger Perdeshkyzymen" жобасынан көре аласыздар.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір