• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 05:37:57
Алматы
+12°

Елімізде кей аймақтарында автокөлік газының шекті бағасын көтеру туралы бұйрық күшіне енді. Құжат "Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электронды түрдегі этолондық бақылау банкі" порталында жарияланған. 

"Қазақстан Республикасының аумағында автогаз құю станцияларында автокөлікке жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге уақытша мемлекеттік баға реттеуді енгізу туралы" бұйрыққа енгізілген өзгерістер күшіне еніп отыр. Бұйрық 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін өз күшін жоғалтпайды. 

Өзгерістерге сәйкес, 1 литр автогаздың құны мына аймақтарда өседі:

• Алматы қаласында – 65 теңгеден 75 теңгеге дейін;

• Алматы облысында – 70-75 теңгеден 75-80 теңгеге дейін;

• Абай облысында – 60-65 теңгеден 65-70 теңгеге дейін;

• Шығыс Қазақстан облысында – 60-65 теңгеден 70-75 теңгеге дейін;

• Солтүстік Қазақстан облысында – 70-75 теңгеден 75-80 теңгеге дейін;

Қалған өңірлерде автокөлік газының бағасы өзгеріссіз қалады. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: автогаз қазақстан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір