• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 03:08:36
Алматы
+12°

Түркия президенті Реджем Ердоған Кахраманмараш пен Газиантепте жер сілкінісінен зардап шеккендерге жаңа үйлердің кілтін табыстады. Мемлекет басшысы Газиантепте жоспарланған 50 мың пәтерге қосымша тағы 50 мың пәтер салынатынын мәлімдеді. 

"Апат болған аймақта 507 мың пәтер мен 143 мың жеке үй салынады. Оның 319 мыңы 1 жыл ішінде беріледі. 60 мың пәтердің іргетасы қаланды. Үздіксіз жұмыс жүріп жатыр. Біздің міндетіміз – жер сілкінісінен зардап шеккен азаматтарды жаңа үйлерге тез арада қоныстандыру", – деді Түркия президенті.

Осыған дейін Ердоған Түркиялықтарға газ мен ыстық су бір жыл бойы тегін берілетінін мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, Түркия халқы бір ай ішінде үй шаруашылығы газга төлем жасаудан босатылады.

Еске сала кетейік, 14 мамыр күні Түркияда президент сайлауы өтеді. Белсенділер Ердоғанның бұл шешімдерін сайлау алды науқанмен байланыстырады.  

 

Дереккөз: Анадолы агенттігі

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: түркия ердоған

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір