21 Сәуір, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Солтүстік Қазақстан облысында сепаратизм ісі бойынша ұсталған үш күдікті екі айға қамауға алынды. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі мәлім етті.
"Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы алдында 2023 жылғы 18 сәуірде Қылмыстық Кодекстің 179-бабы 2-бөлігі бойынша ( қауіпсіздікті ыдыратуға үгіттеу) және 180-бабы 2-бөлігі бойынша (Қазақстан Республикасының біртұтастығы мен тұтастығын ыдыратуды насихаттау немесе оған жария түрде бұқаралық ақпарат құралдарын және телебайланыс желілерін шақырумен материалдарды тарату) қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылық жасағандықтары үшін Ұлттық қауіпсіздік Комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментімен «Халық кеңесінің» үш мүшесі ұсталғанын хабарлаған болатын", - деп атап өтті ведомство өкілдері.
Қазіргі кезде тергеу шаралары жалғасып жатыр.
"20 сәуірде Петропавл қаласының мамандандырылған тергеу сотымен барлық үш фигурантқа қатысты мерзімі 2 айға «қамауда ұстау түрінде» бұлтартпау шарасы санкцияланды", - делінген хабарламада.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір