• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 22:52:46
Алматы
+12°

ҚазМұнайГаз компаниясының басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев жаңаөзендік жұмысшылардың талабы орынсыз екенін айтты. 

“Мұнайшылар 3 жылдық келісімшарт талап етті. Біз ол талапты орындауға дайын екенімізді айттық. Бірақ бұл – бизнес. Бизнесте бәсекелестік болуы керек. Бұл жерде бір компания ұтып, біреуі ұтылды. Ұтқан компания "БерӘлі" жұмысшыларын жұмысқа алуға дайын екенін айтты. Кейін жұмысшылар ол компаниядан да бас тартты. Екінші компания да өз жұмысын ұсынды”, – деді Мағзұм Мырзағалиев.

Сонымен қатар, компания басшысы келісімшартқа да тоқталып өтті.

“Бұған дейін тендерлік келісім бір жылдық болды. Қазіргі таңда үш жылдық келісімшартқа ауысуға шешім қабылдадық. Бірақ бұл тек "Қазмұнайгаздың" ұстанымы емес. Жекеменшік компаниялар да тәуекел етеді. Егер олар үш жылға қол қойып, кейін инфляция болып құрал–жабдықтардың бағасы өсетін болса, қиын болады. Бұл бір жағынан әрбір компанияның дайындығына да байланысты”, – деді ол.

Мырзағалиевтің сөзінше, мұнайшылардың талабы жиі өзгереді.

“Біз жұмысқа дайын екенімізді айттық. Бірақ олар "Өзенмұнайгаздың" өзіне жұмысқа тұрғысы келетінін айтты. Бұл өте орынсыз, орындалмайтын талап. Неге десеңіздер, ол жерде кезекте тұрған 9 мың адам бар. "Өзенмұнайгазға" кіру үшін оның белгілі бір алгоритімі бар. Бірінші коммуналдық мекемеге жұмысқа кіріп, кейін компанияға орналаса алады”, – деді Мағзұм Мырзағалиев.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір