17 Сәуір, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Бүгін барша мұсылман мың айдан да қадірлі санайтын Қадір түнін күтеді. Жақында Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан редакциямызға сұхбат беріп, Қадір түнін қалай өткізу керегін айтқан болатын.
"Қадір түні – қасиетті Құран Кәрім түскен түн. Рамазанның соңғы он күнінің тақ түндерінде Қадір түнін күтеміз. Бұл биыл сәуірдің 17–18 аралығына түсіп тұр. Алайда Қадір түні Рамазанның он күнінің біріне жасырылғандықтан, мұсылман адам барлық тақ түндері үміт етіп, Қадір түнін күтеді. Сол түнді ұйқымен емес құлшылықпен өткізуге тырысады. Бірақ әртүрлі жұмыс жасайтын адам бар. Мұсылманның түнде жасаған құлшылығы ертесі күні өзінің міндеттелген жұмысын орындауына, жұмысын жауапкершілікпен атқаруына кедергі келтіріп қоймауы керек. Қадір түнін күттім екен деп жұмысқа шықпай қоюға болмайды"– деп хабарлады имам.
Сонымен қатар, бұл түні Алла Тағалаға жақындау мақсатында көптеп құлшылық ету керегін айтты.
"Бұл түнді ғалымдарымыз "Алла Тағаланың мейірім қақпасын қағу" деп те атайды. Мұсылмандар Алла Тағаланың мейірім қақпасы ашылғанша қақпасын қағып, мешітте итикаф етіп отырады. Бірақ бұл асылында ер кісілерге арналған. Әйел адам итикафты өз үйінде жасалғаны абзал. Әйел адамның мешіті – өз бөлмесінде"– деді Төлеби Оспан.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір