• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 04:35:19
Алматы
+12°

Ақмола облысы Қосшы қаласында құны 65 млн теңге болатын жер учаскесі мемлекетке қайтарылды. Бұл туралы облыстық прокуратура хабарлады. 

Қала прокуратурасы жер заңнамасының қолданылуын талдау барысында коммерциялық мақсатта жер беру кезінде жергілікті атқарушы органдар тарапынан өрескел бұзушылықтар анықталды.

"Мәселен, Қосшы ауылдық округі әкімінің өкімімен 2016 жылғы тамызда Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке (бұдан әрі - ЖШС) ауданы 3,2778 гектар жер учаскесіне уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын берді. Осы өкімнің негізінде ЖШС мен Целиноград ауданының жер қатынастары бөлімі арасында жер учаскесіне уақытша өтеулі жер пайдалану туралы шарт жасалды", - делінген прокуратура хабарламасында.

Жалдау мерзімі бірнеше рет ұзартылды. Алайда, 2016 жылдан бастап кәсіпорын жер учаскесін нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға бағытталған бірыңғай іс-қимыл жасаған жоқ. Ал құжаттарға сәйкес, ЖШС тұрғын үй кешенін салуды көздеген.

"Қосшы қаласы әкімдігінің мәліметтері бойынша осы жер учаскесінде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде мектеп салу жоспарланатын болады. Қосшы қаласында халықтың қарқынды дамуы мен өсуіне байланысты жылдан жылға мектептердің апатты тапшылығы байқалатынын атап өткен жөн. Осы бағыттағы жұмыс жалғасатын болады", - делінген хабарламада.

 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір