• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Желтоқсан, 22:18:24
Алматы
+7°

Бүгін Алматы қаласыда Халықтық парламент өкілдері баспасөз конференциясын өткізді. Аталған шараға Халықтық парламент өкілдері Жібек Аменова, Батыр Адайбаев және Жарқын Курентаев қатысты. 

Заңгер, қоғам белсендісі аталған баспасөз конференциясы Батыр Адайбаев Жаңаөзендегі және Алматыдағы оқиғаға байланысты өтіп жатқанын айтты. 

"Бүгін аяқ астынан ХП мүшесі Мұхтар Тайжан ұсталды. Маңғыстау мұнайшыларының талаптарын қолдаймыз. Оларға билік қолданған күш заңсыз деп есептейміз. ХП ретінде, қоғам белсендісі ретінде күш қолдану заңсыз деп танылуы керек деп есептейміз. Әлтаев пен Тайжанның ұсталуы да заңсыз деп есептеп, қарсылығымызды білдіреміз", деді заңгер. 

Қоғам белсендісі Жарқын Курентаев журналистердің Рысбек Сәрсенбайұлына қатысты сұрағына жауап берді. 

"Бұған дейін Рысбек Сәрсенбайұлы Халықтық парламент жасаған митингке жауапкершілік алатынын айтқан болатын. Бірақ билік Рысбек Сәрсенбайұлын ұстаудан қорқып, әдейі Тайжанды алып кетті", дейді ол. 

Сондай ақ олар Халықтық Парламент жұмысын тоқтатпайтынын, қазір бір топ Халықтық парламент өкілі алаңға жиналып жатқанын айтты.

"Жаңаөзен жігіттерін қамаған кезде күні бойы министр қорқып, тығылып, халықтың алдына шыққан жоқ. Егер сол кезде министр қорықпай халық алдына шығып, бүкіл жауапкершілікті өз мойнына алғанда мұндай дау тумас еді", деп сөзін аяқтады Жарқын Курентаев. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір