• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 06:49:33
Алматы
+12°

Жаңаөзен қаласындағы "БерӘлі Маңғыстау Company" кәсіпорнының жұмыстан қысқарған 82 жұмысшысы 10 сәуірде Астанаға келіп, энергетика министрлігінің алдында түнеп шықты. Олар министрліктен жұмыссыздық мәселесін шешуді талап еткен. 

100 ден астам мұнайшы 1 сәуірден бастап табыссыз қалғанын айтып, тұрақты жұмыс талап еткен. Олар алдымен Жаңаөзен әкімдігі мен "Өзенмұнайгаз" компаниясының башылығына наразылық білдірген. Мәселе шешілмегендіктен, 80 нен астам жұмысшы пойызбен Астанаға жол тартқанын хабарлаған.

Жұмысшылар келген күні Астанадағы "ҚазМұнайГаз" ғимаратының маңына автозактар қойылды, деп мәлімдейді Азаттық радиосы. Түнде наразы топқа азық–түлік әкелеген тұрғындарды полцейлер өткізбей қойған. 

Энергетика мнистрлігінің алдында түнеген жаңаөзендіктерге министрліктен ешкім шықпады. Ал Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев тілшілерге жұмысшылармен келіссөз жүргізіп жатқанын айтқан. Бірақ министрдің нақты кіммен келіскені белгісіз. 

Еске сала кетейік, "Өзенмұнайгаз" компаниясы жариялаған тендерді "Кезби" серіктестігі жеңіп алғандықтан, "Өзенмұнайгаз" бен "БерӘлі Маңғыстау Company" компаниялары арасындағы келісімшарт тоқтаған болатын. Соның салдарынан Жаңаөзенде 100 ден астам адам жұмыссыз қалды.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір