• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 08:28:16
Алматы
+12°

Тоқаев пен жанындағы адамдар Қазақ мемлекетін басқара алмайды. Бұл туралы Алматыдағы митинг кезінде экс-депутат Нұржан Әлтаев хабарлады.

"Тоқаев және жанындағы адамдар Қазақ мемлекетін басқара алмайды. Бұған көзіміз жетіп отыр. Біреулер Тоқаев алты тіл біледі, білімді деп айтып жатыр. Алайда ол өз халқының тілін білмесе, халқының мәселесін түсінбесе бізге керек емес. Билікте отырған адамдар біздің елдігімііз мен тәуелсіздігімізді үлкен қауіпке тігіп жатыр. Қазір стратегиялық нысандарды Ресейге беріп жатыр. Мұны қазақ халқы болып тоқтатуымыз керек! Басқа мемлекетке тәуелсіздігімізді беріп қоятын биліктің бізге керегі жоқ. Осыны қазақ халқына түсіндіруіміз керек. Халықтың парламент осы жұмыспен айналысатын болады. Осылайша қазіргі билікті заңды түрде өз орнынан кетіруіміз керек", деді Нұржан Әлтаев. 

Сөз соңында шерушілер "Бостандық" және "Шал кет" деп ұрандатты. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір