05 Сәуір, 2023 NEWS
Фото: Азаттық радиосы
Forbes журналы әлемдегі ең бай адамдар тізімін жариялады. Олардың арасында қазақстандықтар да бар.
Forbes журналының байлар тізіміне енген қазақстандықтардың көпшілігі экс–президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жақын адамдары мен оның тікелей туыстары. Олардың бәрі Назарбаев билікте тұрғанда байыған, деп жазады Азаттық радиосы.
♦Журнал тізіміне енген Қазақстан азаматтарын көшін 591 ші қатардағы Владимир Ким бастап тұр. Оның байлығы 4,3 миллиард долларды құрайды. Журнал өткен жылмен салыстырғанда "Қазақмыс" корпорациясының акцияларының басым бөлігін және "KAZ Minerals" акционерлік қоғамының үлесін иеленетін Кимнің кірісі азайып, компаниядағы орнын жоғалтқанын айтты. Ол 2022 жылы 5 миллиард доллар байлығымен 552 ші орынға жайғасқан еді.
♦Forbes журналының мәліметінше, экс–президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Динара Құлыбаева мен оның күйеуі Тимур Құлыбаевтың капиталы бір миллиард долларға өскен. Өткен жылы ерлі–зайыптылардың әрқайсысының табысы 3,8 миллиард доллар болса, биыл, 4,3 миллиард долларға жеткен. Олар рейтингтен 636 шы орын алды.
♦Ал Kaspi Bank иелерінің бірі Вячеслав Ким 1513 орыннан 787 ші орынға көтерілген. Оның байлығы өткен жылы 2 миллиард долларды құраса, биыл екі есеге көбейіп, 3,6 миллиард долларға жеткен.
♦Freedom Holding брокерлік компаниясының басшысы Тимур Турлов 1292 орыннан 949 орынға көтерілді. Оның байлығы өткен жылы 2,4 миллиард доллар болса, биыл 3,1 миллиард долларға өскен.
♦Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жақындарының бірі 65 жастағы Болат Өтемұратов рейтингтегі 1096 шы орынынан 1104 орынға түскен. Forbes оның байлығының 2,8 миллиардтан 2,7 миллиард долларға төмендегенін айтты.
Еске сала кетейік, Forbes тізімінің алғашқы үштігінде Бернард Арно, Илон Маск пен Джефф Безос тұр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір