• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 04:10:47
Алматы
+12°

Маңғыстау облысы Жетібай ауылында мұнай–газ саласына жұмысқа алуды талап етіп, жолды жауып тұрған тұрғындармен құрылыс компанияларының басшылары кездесіп, жұмысқа шақырды, деп хабарлайды informburo.kz

Құрылысшылар тұрғындарға әртүрлі жұмыс орындарын ұсынған. Олардың қатарында машинист, электрик, слесарь, учаске бригадирі, асфальт төсеуші, бульдозер машинисі, жүргізушісі, жүк тасушы, кірпіш қалаушы, сылақшы сынды мамандықтар бар.

"Қажет мамандар арасында ең төменгі жалақы 223 000 теңге болса, ең жоғарғысы 450 000 теңге", – делінген хабарламада.

"Альянс ЛТД"  ЖШС директоры Асқар Керелбаев Маңғыстауда құрылыс маусымы ұзақ болғандықтан, тұрақты жұмыс орындары ұсынылып отырғанын атап өтті. 

"Сіздерге жұмыс керегін естіп, көмектесуді, тұрақты жұмыс орындарын ұсынуды шештік. Аталған жұмысқа орналасу арнайы білімді қажет етпейді, әрі біліктілік арттыруға да көмектесеміз. Біздің компанияларда 15 күндік вахталық әдіспен жұмыс жасай аласыздар. Өкінішке орай, мұнай саласында барлығын бірдей жұмыспен қамту мүмкін емес, сондықтан басқа жұмыс орындарын ұсынамыз", – деді Асқар Керелбаев.

Алайда жиналғандар мұнай саласына жұмысқа тұрғызуды талап етіп, шақыртудан бас тартқан.

Еске сала кетейік, осыған дейін наразылық білдірушілер арасында 14 адам аштық жариялаған болатын. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір