31 Наурыз, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Ақмола облысы Бестөбе ауылында жүздеген шахтер екі күннен бері наразылық өткізіп жатыр, деп хабарлайды Азаттық радиосы.
"Алтыналмас" компаниясы наурыз айынан бастап 76 адамды жұмыс жоқтығына байланысты демалысқа жіберсе, жазда 84 адам жұмысынан айырылған. Шахтерлар ауылдағы негізгі жұмыс беруші компанияның мұндай шешіміне наразы.
30 наурыздан бастап наразылыққа жиылған жұмысшылар қатары екі есе көбейген. Олар жұмыс орнын сақтап, шахтадағы суды сорғызуды, кен орны жаңа инвесторға өткенге дейін орташа жалақы төлеуді талап етіп жатыр.
Бестөбе кен орнындағы жұмыс 2021 жылы шілдеден бастап тоқтаған. Соның салдарынан 1200 адам жұмыссыз қалып, кейбірі өзге жұмысқа орналасқан.
Шахталар суға толтырылып жатыр. Компания өкілдері суды шахтадан басқа еш жерге төге алмайтынын айтады. Ал жұмысшылар "компания мұны әдейі істеп отыр, осылайша жұмысшыларды ашық әдіспен алтын өндіруге көндіргісі келеді" дейді. Бос қалған жұмысшыларға бастапқыда орташа жалақы төленген, бірақ қаңтардан бері жалақы мөлшері азайып кеткен.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір