• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

15 Қараша, 13:57:21
Алматы
+12°

Төтенше жағдайлар министрлігі Сейсмология институты Аймақтық сейсмикалық зерттеулер зертханасының ғылыми қызметкері Ақкенже Сиылқанова Орталық Азия елдеріндегі жер сілкінісінің Қазақстан үшін қаншалықты қауіпті болуы мүмкін екенін айтты,  деп хабарлайды Tengrinews.kz

Сейсмолог Орталық Азия аймағы әлемдегі ең сейсмикалық аймақтардың бірі екенін атап өтті. Оның ішінде Ауғанстан мен Тәжікстан аумағының сейсмикалық қаупі жоғары.  

"Ауғанстандағы жер сілкінісінің толқындары біздің аумаққа, әсіресе еліміздің оңтүстік бөлігіне: Шымкент пен Түркістан облысына жетуі мүмкін. Жер сілкінісі эпицентрінде 7–7,2 баллды құраса, біз 2–3 балл сезінеміз",  – деді сейсмолог.

Оның мәлімдеуінше, Орталық Азия мен Алматы облысы әрқашан сейсмикалық жағынан өте қауіпті аймақ болып саналады. Мұндай аймақтарда күшті жер сілкіністері 80–200 жылда қайталанатынын ұмытпау керек.

Сондай–ақ, Ақкенже Сиылқанова Ауғанстан мен Тәжікстандағы соңғы жер сілкінісінің Түркиядағы оқиғаға және әлемдегі басқа да сейсмикалық оқиғаларға еш қатысы жоқ екенін айтты. Маман жер асты дүмпулеріне әсер ететін басқа да факторлар бар екенін мәлімдеді. Түркиядағы жойқын жер сілкінісі Орталық Азия мен әлемнің басқа аймақтарында сейсмикалық белсенділікті тудырады деуге болмайды.

Еске сала кетейік, 21 наурызда Ауғанстанда шамамен 7 балдық жер сілкінісі болып, оны Шымкент пен Тараз тұрғындары да сезінген болатын.

Ал 23 наурызда Тәжікстанда күшті жер сілкінісі болып, салдарынан алты ауыл зардап шекті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір