• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 06:17:48
Алматы
+35°

19 наурызға бекітілген Мәжіліс және мәслихаттар сайлауына «AMANAT» партиясының Индер ауданы №10 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Атырау облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Саламат Идрисов сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде.

AMANAT

Индербор кентінің орталығында ауданның белгілі тұлғалары, қоғам белсенділері, жастар және сенімді өкілдерінің жиналуымен кандидаттың шағын штабы құрылып, барлық заңдылықтарды сақтай отыра сайлауалды бағдарламасын халыққа насихаттау жұмысы талқыланды.

Аманат
Күн тәртібіне сәйкес кандидат Саламат Нұрмұханұлы сайлауалды насихат жұмыстарын атқару мақсатында Индер ауданының тұрғындарымен кездесу өткізіп, жұртшылықтың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Сондай-ақ, елді мекеннің сән-салтанат құрып көркеюіне, демографиясы мен мәдениетінің дамуына негіз болатын бірден-бір денсаулық, білім және мәдениет екенін ескере отыра, аудан ауруханасының, М.Әуезов атындағы орта мектептің, мәдениет үйі мен кітапхананың қызметкерлерімен кездесті.

Аманат
Үгіт-насихат жұмыстарының төртінші күні AMANAT» партиясының Индер ауданы бойынша Атырау облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Саламат Идрисов Елтай, Ынтымақ және Есбол ауылының тұрғындарымен кездесуін жалғастырды. Кездесу барысында жұртшылыққа ауылдың әл-ауқатын көтеру мақсатында жүзеге асырылатын сайлауалды бағдарламамен таныстырып, көптің көкейінде жүрген бірнеше сауалдарға жауап беріп, ауылдықтардың талап-тілектерін саралады.

Тапсырыс беруші: AMANAT партиясының Атырау облыстық филиалы

AMANAT партиясының Атырау облысының сайлау қоры қаражатынан төленді

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір