• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 13:04:43
Алматы
+35°

Ресейлік резервшілер оқ-дәрілердің жетіспеушілігіне байланысты күрекпен соғысуға мәжбүр, деп жазады BBC News.  Сайт Ұлыбритания Қорғаныс министрлігінің дерегін негізге алған. 

Ақпан айының соңында ресейлік резервшілер тек атыс қаруымен және күрекпен қаруланған күйде шабуыл жасауға бұйрық алған. 

Ұлыбританияның барлау қызметінің хабарлауынша, шабуыл жасау үшін MPL-50 күрегі беріледі. Аталған күрек 1869 жылы жасалған және содан бері өзгертілмеген.

"Мұндай қару түрін қолдану техниканың жоқтығын білдіреді", деп жазады министрлік. Ресейлік резервшілердің бірі мұндай соғысқа физикалық тұрғыдан да, психологиялық тұрғыдан да дайын емес екенін айтқан.  

Соңғы деректер бойынша Ресей мен Украина арасында жақын ара қашықтықтағы соғыс саны көбейген. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір