• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қыркүйек, 13:48:19
Алматы
+35°

"Salem Social Media" компаниясы “5:32” веб-сериалының авторларына қатысты сот шешіміне наразы. Компания аппелияциялық сотқа шағымданбақ, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Компания төрешінің ауысуына және жаңа құрамдағы сот отырысының екі-ақ рет өтуіне байланысты деректердің толық қаралмағанын айтады. 

"Бәлкім, жаңа төреші аз уақытта кітаппен де, сериалмен де толық танысып үлгермеген шығар. Сот өзі бастамашылық еткен 3 сараптаманың бірде-біреуін есепке алмаған. Барлық сараптамалар авторлық құқықты бұзу фактісінің жоқтығын растады және соңында мынадай қорытынды жасады: "Анықталған деректер жәй ғана сәйкестік, сондай-ақ салыстырылатын объектілердегі жағдайлардың жеке ұқсастықтары шын мәнінде  А.Джалдиновтың кітабында сипатталған оқиғалар басқа дереккөздердегідей  болып табылады". Демек, тарихи жағдайлар шынайы өмірден алынған оқиғалар авторлық құқықпен қорғалмайды", деп хабарлайды Salem Social Media. 

Salem social media соттың бұған дейін "Было дело" телебағдарламасын да, кітап шыққан уақытқа дейінгі журналистердің мақалалары мен маньяктар жайлы білетін  куәгерлердің айғақтарын да  ескермегенін айтады. 

"Сценаристер бұл кітаптың өзге кітаптар секілді нақты фактілерді жинақтау үшін ақпарат көздерінің бірі болғанын әрқашан растады. Сотқа дәл осындай дереккөздердің үлкен тізімі берілді. Сот шешімінің логикасы бойынша, кітапты оқу авторлық құқықты бұзу деп танылады", дейді компания. 

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық автор Асқар Жалдинов атышулы “5:32” сериалының авторлары мен Salem Social Media компаниясына қарсы сотта жеңіске жеткенін жазған еді. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір