• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

07 Қазан, 01:40:38
Алматы
+8°

Фото: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қарасай ауданының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды өңірлік баспасөз қызметі. Халықпен дидарласуға келген аймақ басшысы ең әуелі облыстың сонымен қатар, ауданның әлеуметтік -экономикалық жағдайына тоқталды.

Марат Елеусізұлының айтуынша, 2022 жылдың қорытындысы бойынша экономиканың барлық салаларында 26,3 мың тұрақты жұмыс орны құрылған. Жалпы, өңірдегі экономиканың өсу қарқыны үстіміздегі жылдың қаңтар айында да сақталып отыр.

Тұтастай алғанда, Қарасай ауданы Алматы облысының экономикасын дамытуға айтарлықтай ықпал етіп келеді. Өйткені, ауданның облыстың барлық өнеркәсіп өніміндегі үлесі 33%-ды құрайды. Қазіргі таңда Қарасай жерінде 359 кәсіпорын жұмыс істейді, оның 80%-ы өңдеу өнеркәсібіне тиесілі. Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтың айтуынша, ауданның өнеркәсіп өнімінің 74%-дан астамын өндіретін 7 жүйе құраушы кәсіпорындар жұмыс жасайды.

ьдл

Аймақтың ауыз толтырып айтар нәтижелерін басып айтқан өңір басшысы аудан әкімдігі қол жеткізген қарқынды сақтап қана қоймай, жаңа инвесторларды тарта отырып, әртараптандыру арқылы саланы дамыту керек деген пәрмен берді.

Сонымен қатар, Марат Сұлтанғазиев агроөнеркәсіп кешені саласында аудан жалпы өнім көлемі бойынша көшбасшылардың бірі екенін тілге тиек етті. АӨК саласында Қарасай ауданының облыстағы үлесі 12% немесе 88,5 млрд.теңгені құрайды.

«Ауыл шаруашылығын қолдауға облыста жыл сайын 30 млрд. теңгеден астам субсидия бөлінетінін атап өткім келеді.Өткен жылы Қарасай ауданының 108 шаруа қожалығына 527 млн. теңге бөлінді»,-деді облыс әкімі.

Аудандағы мал шаруашылығы бағытындағы көрсеткіштерде жаман емес. Аймақ сиыр басы бойынша – бесінші орында тұрса, сүт өндіру бойынша – екінші орында тұр. Бүгінгі таңда бұл маңда 2 мың басқа арналған 7 сүт-тауар фермасы бар. Алайда, сүт өңдейтін кәсіпорын жоқ.

Сондай-ақ, ауданда құс шаруашылығы жақсы дамыған. Ауданның екі кәсіпорны - «Алсад Қазақстан» және «Қазақстан Құстары» 168,3 млн. дана жұмыртқа өндірді. Марат Сұлтанғазиевтың сөзіне сүйенсек, 2022 жылдың шілде айынан бастап қаржылық жағдайына байланысты, «Қазақстан Құстары» компаниясы кәсіпкерлік қызметін тоқтатуға мәжбүр болған.

од

Осыны ескерген облыс басшысы, кездесу барысында аудан әкіміне инвесторларға барлық жағдайды жасап, оларды тарту бойынша жұмыстарды күшейтуді тапсырды.

Аймақ басшысы жиында аудан тұрғындарын толғандыратын үш өзекті мәселе – ауыз сумен, газбен және жолдармен қамтамасыз ету ісіне тоқталды.

Сөзіне сенсек, облыс бойынша 384 елді мекеннің 356 немесе 92,7% таза ауыз сумен қамтамасыз етілген. Қарасай ауданында бұл көрсеткіш 97,9%-ды құрайды, яғни 46 елді мекен сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Ал, 59 адам тұратын Көктөбе ауылында бұл мәселе әлі шешімін таппаған. Сондай -ақ, су құбыры желілерінің 65% тозығы жеткен.
«Аталған мәселені шешу үшін ауданның 12 елді мекенінде жобалақ сметалық құжаттама әзірленуде, ал Жаңатұрмыс ауылында екінші кезектегі құрылыс жұмыстары 2023 жылдың қараша айында бітеді»,-деді Марат Елеусізұлы.

Облыс басшысы баяндамасында көгілдір отынға қосу жайы туралы сөз қозғады. Айтуынша, Қарасай ауданында газдандыруға жататын 44 ауылдың 43-і көгілдір отынмен қамтылған. Газға қосылмаған Сауыншы ауылына 2024 жылы газ тарту үшін «Сигма Газ» серіктестігімен келіссөздер жүргізілуде.

«Тұрғындар тарапынан газға қосылу құны 450-500 мың теңгеге қатысты үлкен шағымдар бар. Сондай-ақ, өткен жылдың 1 шілдесінен 1 текше метрі үшін тариф 29,5 теңгеден 34,7 теңгеге дейін қымбаттады.Осы факті бойынша монополияға қарсы комитеттің тексеруі ұйымдастырылып, нәтижесінде қызметтер тарифін бекітуге өтінім бермеу, тауарлық газдың сату бағасын белгілеу тәртібін сақтамау бойынша бұзушылықтар анықталды»,-деді Марат Сұлтанғазиев.

Айта кетейік, газ тартудағы заң бұзушылықтарға байланысты «Сигма-ГАЗ» серіктестігіне айыппұл салынды.

Облыс әкімі сөз соңында газ шаруашылықтарымен абоненттерді қосу бағасын 350 мың теңгеге дейін төмендету туралы меморандумдарға қол қою арқылы келіссөздер жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Әкімнің ел алдындағы баяндамасы аяқталғаннан кейін, халықтың көкейінде жүрген сұрақтардың тиегі ағытылды.

Халықтың басым бөлігі, көгілдір отынға қосылудың бағасының қымбаттауына, елді мекен арасында қатынайтын қоғамдық көліктің жоқтығы мен ауыл ішіндегі жолдардың жайына қатысты болды. Бірқатар аудан тұрғындары, емдеу мекемесінің жоқтығын алға тартты.

Халықтың базынасын мұқият тыңдаған облыс әкімі, көгілдір отын жайына қатысты күні ертең БАҚ өкілдері мен жергілікті биліктің қатысуымен ашық жиын өтіп, кеңінен талқыланатынын айтты. Ал, медициналық амбулатория салу үшін жобалық-сметалық құжаттар дайындалып, алдағы уақытта құрылысы басталатынын атап өтті.

Біршама жиналған жұрт, сауалдарын жазбаша түрде де жолдап жатты. Облыс басшысы бұл сұрақтарға да дер кезінде жауап берілетінін айтып, жиынды қорытындылады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Алматы облысы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір