• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 09:42:24
Алматы
+35°

Qamshy.kz ақпараттық агенттігі бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын оқырман назарына ұсынады. 

Қазақстан жаңалықтары

Энтони Блинкен: Қытайдың Ресейге қару-жарақ жеткізуіне алаңдаулымыз

Астанада өткен брифингте АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Ресейге қарсы санкциялардың күшейтілгенін айтты. Ол Қытай мен Ресейдің әріптестігіне және Украинаға қарсы соғыста Қытайдың қару-жарақты жеткізу ықтималдылығына алаңдаулы екенін жеткізген. 

Ресей азаматтығын алған зейнеткер екі мемлекеттен де зейнетақы алып келген

Қос азаматтығы бар зейнеткер 12 млн теңге төлеуге міндеттелді. Ол Қазақстанда 1995 жылы зейнетке шыққан. Кейін 2000 жылы Ресей азаматтығын алған. Бүгінге дейін Ресей мен Қазақстаннан зейнетақы алып келген. Алайда айыпталушы сот үкіміне шағымданды. Оның пікірінше, қос азаматтық зейнетақыны қайтаруға себеп емес. 

АҚШ Тоқаевтың саяси реформаларын қолдайды

Бұл туралы АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің сапары аяқталғаннан кейін Сыртқы істер министрлігі хабарлады. 

"Елдер арасындағы, әсіресе ынтымақтастықтың экономикалық және инвестициялық салаларындағы қатынастардың барлық кешенін одан әрі жандандыруға үміт білдірілді", делінген хабарламада. 

Астанадан шығатын жолдардың барлығы жабылды

"ҚазАвтоЖол" хабарламасы бойынша, Астананың тас жолдары ауа райының нашарлауына және қатты көктайғаққа байланысты жабылған. Ішкі істер министрлігі де Астана тұрғындарын алыс жолға шықпауға шақырды. 

Әлем жаңалықтары

Грекияда екі пойыз соғысып, 26 адам қаза тапты

Грекияның Лариса қаласына жақын аймақта жүк пойызы мен жолаушылар пойызы соғысып, 16 адам қаза тапты. Апаттан кемі 85 адам жарақат алған. Қазір жедел құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әзірге аталған апатқа не себеп болғаны белгісіз. Бейресми деректерде жолаушылар пойызында 350 адам болған. 

Түркиядағы Малатияда болған жер сілкінісінен 110 адам зардап шеккен

27 ақпанда Түркияның Малатия провинциясында 5,6 баллдық жер сілкінісі болған еді. Аталған зілзаладан 110 адамның зардап шегіп, 29 тұрғын үйдің құлағаны хабарланды. Үйінді астынан 32 адам құтқарылған. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір